ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ
Ақылы қызметтер
Медициналық орталықта ақылы медициналық қызметтер келесі жағдайларда көрсетіледі:
  • пациенттердің бастамасы бойынша алғашқы медициналық-санитариялық көмек (бұдан әрі – МСАК), диагностикалық және емдеу қызметтерін көрсету, оның ішінде МСАК мамандарының жолдамасынсыз;
  • дәрілік формулярға енгізілмеген дәрілік заттармен емдеу;
  • Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне (ТМККК) кірмейтін медициналық зерттеулерді жүргізу;
  • азаматтарды жұмысқа орналасу және оқу орындарына түсу үшін медициналық тексеруден өткізу;
  • ұйымдармен жасалған шарт негізінде медициналық көмек көрсету;
  • қосымша сервистік қызметтер ұсыну.
Сонымен қатар, ақылы медициналық қызметтер Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын тұлғаларға шұғыл медициналық көмекті қажет етпейтін және айналасындағыларға қауіп төндірмейтін жағдайларда көрсетіледі.

Құрметті тұрғындар!
Жоғары білікті мамандар қызмет көрсететін медициналық орталықтың ақылы бөліміне қош келдіңіздер!
Егер сізге:
  • автокөлік құралдарын басқаруға арналған медициналық анықтама (073/у нысаны);
  • жұмысқа орналасуға немесе жоғары оқу орнына түсуге арналған медициналық анықтама (075/у нысаны);
  • спорт секцияларына, бассейндерге және басқа да ұйымдарға баруға арналған медициналық анықтамалар қажет болса,
біздің медициналық орталықтың ақылы бөліміне жүгінуіңізді сұраймыз.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын таныстарыңызды, туыстарыңызды немесе көршілеріңізді қызмет алу үшін емханамыздың ақылы бөліміне жолдауларыңызды сұраймыз.

Жеңілдіктер
Медициналық орталық азаматтардың жекелеген санаттарына клиникалық-диагностикалық зертханалық зерттеулерді қоспағанда, растайтын құжаттары және пациенттің өз қолымен жазылған өтініші болған жағдайда жеңілдіктер ұсынады.
Біздің ақылы қызметтеріміз
Кәсіби мамандарға сеніңіз және ақылы қызметтерімізден барынша пайда алыңыз
ТОО "ЛДЦ Азия Мед"
  • Біз туралы
  • Дәрігерлер
  • Байланыс